Жанат пен тозақтың айырмасы


Жаһанда тірлік кешкен бір қария
Әділдікті жаны сүйген еді тақуа,
Қарттың үйіне қонақ боп келеді екен,
Періште сәті түсіп анда-санда.
Әулие мейірім төгіп, ақ ниетпен,
Қарсы алып жарқын досын ақиреттен.
Періште шын көңілмен жақсы көрген
Кеңес беріп құлшылықта жол көрсеткен.

Бір күні шал сұрапты періштеден:
Көрдің бе жұмақ төрін жаһаннаммен?
Білемін, талай көрдің өз көзіңмен,
Шындығын қалайша өзім көрсем.

Ол жақта Жандар қандай күйде?
Өзім де сол арадан жақын күнде.
Тағдырымнан дәм-тұзым таусылғанда,
Табармын тебер орын мәңгілікке.

Көре алсам барар жерім қандай болар,
Құлшылығым кемшілігін түзеп алар.
Өзімді дайындауға ақиретке,
Амалым мүмкін менде кемшіні бар.

Періште тіл қатыпты қарт досына:
Жағатын сүрдің өмір сен Құдайға.
Көруді саған Раббым нәсіп қылды,
Ондағы Шын өмірді бақылауға.

Қасыңа ере жүріп қыдыртайын,
Көре ғой жаһаннам мен жұмақ жайын.
Қорықпа, өзіңді сосын қайтарамын,
Қауышарсың есен-аман қылма уайым.

Шөпке шық шығысымен ертеңінде,
Екеуіміз ұшармыз сол мекенге.
Әзірге, сен бақұл бол, мен қайтайын
Өзімді әлпештеген көк зеңгірге.

Түнімен қарт ұйқы жоқ, дөңбекшіген,
Досымен қауышуды қатты күткен.
Періште құрмет етіп шақырар деп,
Ойына үш ұйықтаса, түске енбеген.

Кездесер сәт те туды күттірместен,
Тырнаның тыраулаған дауысымен.
Әуелі, от лаулаған жаһаннамға
Періште мен қария жеткен екен.

Екеуміз досым менің, бас сұғайық,
Тозақтық болған екен кімдер лайық.
Періште ертіп шалды апарады,
Зәулім үйге түсі қара түсті несі айып.

Бай дастархан жаюлы тұрған екен,
Түрлі тағам ортаға қойған екен.
Жағалай отырған көпшілік
Аш құрсақ отыр себеп неден екен.

Сілекейлері ағып шұбырыпты,
Дастарханға жайылған қол созулы.
Өздігімен ешқайсысы тамақ жеуге,
Бұл да бір өмірдің ең қорлығы.

Жағалай отыр көп адамдар,
Шынтақта бір-бір жастықтар.
Қолдарын созса тамаққа,
Бөгет боп жетпей бос қармалар.

Өздері әбден шаршаған,
Бүгілмей қолдар буыннан.
Ауызға сала алмай бір түйір.
Әлсіреп түгел құлаған.

Періште шалдан сұраған,
Қалай деп осы жаһаннам?
Көрсетейін енді жұмақты,
Айырмасын көрші тозақтан.

Жүрекпен төрелік беріп ақылға,
Азабы және рақат адамға.
Қол екі ісінен болатын,
Себепшің болар жақсы жаманға.

Тағы да шықты алдынан,
Зәулім үй сарай салынған.
Іші кең, жарық шуақты,
Мұнда да дастархан екен жайылған.

Тағам көп түрлі қойылған,
Жастыққа адамдар жантайған.
Шынтақта тіреу дәл сондай,
Айырмасы жоқ мүлде тозақтан.

Думандап отыр барша жан,
Көңілді қарын ашпаған.
Зер салып қария қарапты,
Қалайша бұлар тойынған?

Жетпейді қолдар ауызға,
Тамақты өзі жеп алуға.
Қамқор боп бірі бәріне,
Асатқан тағам қарсыға.

Бір-біріне созып қасықты,
Қалауынша беріп азықты.
Қол созып бірі-біріне
Мейіріммен қылған достықты.

Түр-түрмен алып жемісті,
Қалаған сусынын беріпті.
Қарсы отырған көршісі
Тостағына құйып беріпті.

Оны өзі іше алмасты.
Бүгіліп қол бармасты.
Қарсы отырған көршіге,
Оңай екен аузына салмақты.

Оңайлықты солай салыпты,
Бірін-бірі құрметтеп бағыпты.
Таңданған бұған қария
Сауалын сонда қойыпты:

Тозақтағылар қалай ашықты,
Неге күштерін сарықты?
Жұмақтағыдай бір-біріне
Сыйласудан неге қашыпты?

Бөле жеуге бар азықты,
Оларға не тыйым болыпты?
Періште бұған сөз айтпай,
Қартқа «жүр» деп ым қағыпты.

Жұмақтан солай шығыпты,
Жаһаннамға қайта барыпты.
Мұндағы әркімге ал өзің,
Сауалды қой деп айтыпты.

Періштенің ақылын алыпты,
Сауалды шеткіге қойыпты.
Ей пенде, сонша күшеніп,
Сала алмайсың бәрібір қасықты.

Қолыңды созып тамаққа,
Салмай-ақ өз аузыңа.
Көршіңе берсең нең кетті?
Болмас па еді ол оңайда.

Әуелі болсаң оны сыйламақ,
Ол да сені тойдырмақ.
Күндерің болар еді шуақты,
Бұл ақылға сал деп құлақ.

Қабағын түйіп, көз алартқан,
Ысылдап тозақтық жан;
Есің дұрыс па сен шалдың,
Қойылған ас қой бұл маған.

Сыйла дейсің маған көршіңді,
Тойдырып алмай өзімді.
Одан да аш боп қалайын
Айтпа деп мұндай сөзіңді.

Онанда аш боп қалайын,
Шөлден кепсін таңдайым.
Жалғыз-ақ түйір болсын нан
Бірақ ешкімге қимаймын.

Әрі кет, келме жаныма
Дәмем бар менің ойымда.
Тұрма мұнда, бар
Әйтеуір салармын аузыма.

Сұмдықтан бойы шымырлап,
Іштарлық, қызғаныш сор болмақ.
Түсіндім деп енді періштем,
Кімдерге лайық деп тозақ.

Қанатты досым мың алғыс,
Қанықтым құпияға армансыз.
Қайтарсаң деп енді үйіме,
Мен үшін болды зор табыс.
***
Оқушым мұнан ал ғибрат,
Өзіңде тұр ғой жер жаннат.
Махаббатың болсын жүректе,
Сүюге барша адамзат.

Өмірді алма меншіктеп,
Қызығын көрсем өзім деп.
Жақсылық қылсаң баршаға,
Құдайдан қайтар деп ниет.

Көңілің періште ұжданың,
Сипаты жан мен ар-ұяттың.
Өзіңнен асып қыл амал,
Нәпсіңді солай тыясың!

(Орысшадан аударған Айнұр Тілектесқызы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *