Адамның шашы – вирусты тасымалдаушы


Құдай ақырын берсін, бір-бір «тұмылдырықты» тұмсығымызға байлап алып шауып жүрміз. Былтырғы көктемдегі карантиннің алғашқы пәтінде бетперде дегенді көбіміз киген де жоқпыз. Одан соң тәртіп күшейіп бетперде кимесең дүкенге, автобусқа мінгізбегесін амал жоқ тақтық. Енді сол бетпердеге үйреніп алғанымыз сондай, ол жоқ болса қыста тоңатын сияқтымыз ба, әйтеуір бірдеңе жетіспей тұратын сияқты болып қалдық.

Осы біздің биліктегі бишікештердің басы дұрыс жұмыс істемейді ау! Мәңгүрт десем ғой ренжиді. Халықты қорғамақ болып жаппай бетперде кигізді. Сол аты өшкір тәждің микробы тек ауыз бен мұрыннан ғана кіретіндей. Ол бәле құлақтан, бастан, жалпы адамның терісі арқылы жұқпай ма екен? Соны ойлауға неге миы жетпейді деймін?

Күн сәл жылт ете қалып еді қыз-келіншек біткен бар киімін шешіп, шашын жайып шыға келді. Ал, шаш деген нағыз вирус тасымалдаушы өте лас нәрсе. Күннің жылуымен қатар аурудың өршуінің де бір себебі осы.

Билік басындағылар еркек болсын, әйел болсын жалаңбас жүруге тыйым салса. Бетперде киюді халыққа қалай мәжбүрледі, басты жабуға да солай мәжбүрлесе ғой. Орамалсыз әйел, тақиясыз еркек затын автобусқа мінуге, дүкенге кіруге тыйым салсын. Бірте-бірте бетпердеге үйренгендей орамал мен тақияға да халық үйренер еді. Осылайша елімізде ақ жаулықты аналар саны да көбейіп, тәжді дертке де соққы берер едік деген гәп қой.

Айгүл Тәуіпбаева

#ақ_жаулық
#ата_жолы
#короновирус

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *