Кірер есік бар да, шығар тесік те жоқ
Ата жолына 2006 жылы келдім. Бұл жол 1997 жылы басталып жатқанда ауыра бастадым. Таңға таман орнымнан тұра алмаймын, денемнен жан кетіп қалады. Содан әкемнен естіген Я Алла, Пір Бекет атам қолда деген сөзді айтам. Бес минуттан соң денем босап, қалпына келіп тұрып жұмысыма барам. Дертіме шипа іздеп бармаған емшім қалмады, ешқандай нәтиже болмады. Өзімнен үлкен Гүлшара дейтін апам маған: «қасиетің бар», -деп айтқанда сенбеген едім.
Маған: «түнгі екі шамасында тұрып ясин, фатиха, ықылас, нас сүрелерін 100 рет оқы»,- деді. Сол сүрелерді оқып жеңілдендім.
2004 жылы әріптесім Қалампыр апа маған: «Сарағашқа барып демалайық, ақшасын өзім төлеймін»,- деді. Сосын келістім. Сарағашта демалыс күні зияратқа автобуспен Түркістанға жүретін. Біз автобусқа кешігіп қалып қойдық. Қалампыр такси жалдап санаториядан Шымкентке, содан Түркістанға, Арыстан баба, Қожа Ахмет Яссауи баба, Ибрагим ата, Гаухар ана және Укаша атаға дейін апарды. Арыстан бабада түнеген күні бірінші рет топқа бата беріп жатқанын көрдік. Бірақ мағынасын түсінбедік. Мен осы жолды ұстану керек деген аян көрдім.
Ауылға келдік. Қайтадан өз орнымды таппай жүрдім.
2006 жылы Қалампыр келіп: «Бекет Ата Ордасы ашылыпты»,- деді.
Сөйтіп Ордаға бардық. Жанымда демеуші, бауырмал Қалампыр апа болғанына мың да бір рақмет! Батада қасиет аласың деп Түркістанға жол салды.
Қасиеттің мағынасын түсінбедік. Әйтеуір, бес атамыздың белгісін жатқа білемін.
Үлкен Ордада бес жүздей адамнан мөр алдық. Ұстаз Ақ Ұлмен таныстық. Мөр алғанда үрей, қорқыныш болды. Өйткені оның сұрауы қатты екен. Кірер есік бар, шығар тесік жоқ деді. Өте жіңішке жол, қай уақытта пенде тайып кетеді, ешкім білмейді,- деді ұстазымыз.
Мыңнан жүзі, жүзден оны қалады деген сөздері дəл келді. Қаншама сұңқар мен аққулар ашылды.
Ұстазымыз Ақ Ұл қайтқанда жетекшіміз де қиналып, біз əр қайсысымыз Ордада қолдан келгенше қызметімізді атқарып жатырмыз.
Ордам Оғланды ата атында. Қайназар атамен ашылдым. Қалампыр Шопан ата Ордасы, Сарыбай би атамен ашылды.
Жұмакүл БОРАНҚЫЗЫ