Ата жолында Алланың хикметін көрдім


Мен 2004-2005 жылдар аралығында ауырып дəрігерге қаралып емделіп жүрдім. Бірақ бір айдан кейін қайта ауырып, қайта ем алып жүрдім. Маған дәрігер: «жатырыңда жара бар, соны отамен алу керек»,-деді.

Сөйтіп Ақтау қаласына жіберді. Менің қан қысымым жоғары болды жəне ауырғандықтан əлсізденіп қалғанмын. Сонымен Ақтаудың дəрігеріне келдім. Мені узи-ға түсіріп: «жатырдағы жара өсіп кеткен, ота жасату керек»,- деді.

— Егер де жасатпасаң, жара іріңдеп жатырыңды түгел алдырасың,-деді. Мен жара өспей тұрғанда ота жасатайын деп келістім.

Дәрігер маған бір шарт қойды. «Сен бізге ота жасауға қолыңнан қолхат бересің. Себебі сенің қаның аз, өліп кетсең біз жауапты болмаймыз»,- деді.

Қасымда отағасым бар еді, сол кісіге дәрігердің айтқанын айттым. Ол қорқып кетті де маған: «Мен сені өлтіруге əкелген жоқпын. Ота жасатпай-ақ емдел»,- деп мені ауылдың емханасына əкеліп жатқызды.

Емханада жатқанымда Оңайхан деген сіңлім келіп маған айтты.

— Осы жерде Ордасы бар Нүрия деген емші бар, ауыратын жерлеріңнің бəрін жақсы айтады.Ордаға кіргеннен бастап өзіңді жақсы сезінесің бойыңа ем жүреді, соған барсай,- деді. Дәрігерден ем жоқ болғасын амалсыз Нұрияға бардым. Орда, бата дегендердің не екенін түсінбеймін.

Нұрия бізді жылы жүзбен қарсы алды.

Өзі Ақтөбенің қызы, Шетпеде мұғалім екен. Маған тақпақтап бата шығарды. Мен батаға дым түсінген жоқпын, бірақ жылай бердім. Артынан батаны түсіндіріп, Ордадан ем аласың бəрі жақсы болады деді. Ауруыма қандай ем болар екен деп, уайымдап жүрген уақытымда Нұрияның сөздері сəл де болса көңіліме демеу болды. Күнде ем аламын, өзімді жеңіл сезіне бастадым. Бата шығарған кезде бойыңдағы дертіңді, қылышымның ұшымен сылып аламын деп айтатын. Бір күні жатырымнан бір нəрсе түскендей болды, қарасам үлкендігі бас бармақтың басындай кесек ет, басында тырнақтай ірің сылып түсірген. Алланың құдіретінің шексіз екенін өз көзіммен көріп, қолыммен ұстадым.

Аллаға мың шүкір мені аман-есен осы күнге жеткізгеніне деген қуанышымда шек болған жоқ. Дәрігердің отасынсыз-ақ Алла қолдап аталарым қылышының ұшымен сылып түсірді.

Ем алып жүрген уақытым. Бір күні тағы ауырдым.

Тарыдай қап-қара зат құсам, тұра алмаймын, басым ауырып əлсіреп кеттім. Емге бара алмайтын болған соң, Нұрияға баламды жібердім. Ол маған бір метр ақтық беріп жіберіпті.

— Дәретпен иығына жауып ұйықтап тұрсын,- депті.

Ақтықты иығыма жапқаннан денем жайланып ұйықтаппын. Тұрсам манағы ауырған жерлерімнің бəрі жазылған. Бұл да Алланың хикметі. Нұрия атаның басынан алған ақтыққа сүре оқып бергенін айтты.

Аудан орталығында тұрамыз. Артынан Ата жолын қудалап Орданы жауып тастады. Сонда да жасырынып Ақтаудағы Оралдан келген Гүлмира аққу қыздың Ордасына барып, Маңғыстаудағы бес атаға зияраттап барып жүрдік. Ол да Оралға кетіп қалғаннан кейін Айымгүл аққуға бардық. Бата болады десе барып, батамызды алып, жеңілдеп қайтатынбыз.

Түркістанға бес автобуспен аталарға зияраттап барып неше түрлі хикметтерді көрдік.

Бибігүл ҚАЛИЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *