Киіммен келетін адам баласына нығметтер


Адам боп дүниеге келгесін бәріміз де бақытты болғымыз келеді. Сол бақыттың жібін қолдан тегімізден ажырау арқылы қол үзіп алатынымызды біреу сезіп, біреу сезбес, үзілген жіпті жалғап, өзімен қоса ұрпағымды тағдырына жалғау арқылы бақыт табам деп ниеттенген жандарға жол ашылды. Осы жолдағы Ізденіс пен еңбектің арқасында миллиондаған жанның ақиқатқа көзі ашылары сөзсіз.
Ең бірінші, «құдай жүрегімде, ниет ақ» деп жақауратпай, қарапайым қағидаларды ұстану, орындау арқылы белгілі бір тазалық, тақуалық деңгейіне көтерілу керекпіз.

✔Бірінші орында ерге де, әйелге де киімді жөндеу мәселесі тұрады. Бұл адамның қойып отырған шарты емес. Адамға әуелден бұйырылған міндет. Көзіміз үйреніп кеткеніміз сонша (мәңгүрттену ) ашық шашық киімді қалыпты, солай болуға тиістей қабылдайтын болып алғанбыз. Сол жеңі ашық, етегі шолақтан зоры да шығып жатыр. Оған да селт етпейтін күйге жетіп алдық. Ол да шайтанның адамзатты қалай да жолдан тайдырудағы жоспары.
Ал шын мәнінде киім деген ол- Кие. Адамның қорғаны,киесі иесі. Сол қорғанды ашық шашық ұстасақ тәніміз арамданатыны түсінікті жағдай ғой. Арамданған тәнмен дүниеге ұрпақ әкелеміз,ол қайдан дені сау, иманды болып келеді сосын өмірге. Қарапайым ғылымсыз ақ түсінікті дүние.
Бірақ осы киімнің өзінде үлкен ғылым бар.

Дұрыс етек жеңді киім арқылы әйелге ұят келеді. Ғылыми зерттеулердің өзі тырситып шалбар киетін,ашық-шашық әйел мен дені дұрыс киім киіп, басында жаулығы,кең етекті,аяғын жабық,жылы ұстаған әйелді салыстырып тексергенде, нәтежиесі таң қалдырған. Қан құрамының өзінде таңқаларлық өзгеріс болған. Бір емес бірнеше мәрте тексеріс осы айырмашылықты анықтап берген. Жабық киінген әйел қаны анағұрлым таза, сұйық түсі алқызыл болса,жалаңаш әйелде қан қою,холестерині көп, аллергия, тері ауруларына бейімділік, рак таяқшаларының белсенділігі, омырау безі ауруының алғашқы белгілері анық байқалған. Одан қалды жалаңаш әйелдердің аяқ қан тамыр аурулары мен жатыр бойы ауруларына шағымдарының көптігі де тіркелген. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары осыған байланысты жылы киінудің маңыздылығын уағыздауда. Бірақ бұл тақырыпта тереңдеп барып жатқан шетел ғалымдары кемде кем. Өз елімізді айтпасақ та болады.

Ал шын мәнінде, адами құндылықтарды сақтау және рухы таза адамгершілікті қоғам құруда әйелдердің ролі орасан екені әлімсақтан белгілі. Әрине, бұл тұрғыда еркектер де тыс қала алмайды. Еркектің етекбасты болып әйелдің ықпалында кетпеуі үшін,еркектік рухын өз деңгейінде ұстап,көшбасшылық қадір қасиетін сақтауда киетін киімі де аз маңызды емес. ✔Басын қадірлеп,қу бас қылмай, бас киіммен жүруден ер адам нұрға жалғанады, жетесі жетіледі. Етекбастылықтан,алтынның шабуылынан(әйел затының ықпалына түсуден) қорғайды. Әр түрлі қара күштерден қорған болады.

✔Аяқты қымтап жылы ұстап қадірлеу әйелдерді семіздіктен сақтайды,бетінің ажарын жер арқылы келетін қуаттан алады,табаны тозбайды,сүйегі мықты болады,ішек-қарын созылып ауруға ұшырамайды.
Ер заттарында аяқты қадірлеуден келетін нығмет -аяғына нұр түсіп,бақ қонады,әр қадамына періштелер жақсы тілек жаудырады, наны піседі. Сүйектері дұрыс жетіледі. Міне, бұл адам баласына аяқ пен басты қадірлеуден, ашық — шашық ұстамаудан келетін нығметтер.

Осы киім тәртібін сақтаудан айналып келгенде, адамның бой өрісі тазарады. Бойында лас энергия мен жылдап жиналған иіс түрінде жалғанып жүрген ауыр қаралықтар жағылады. Оның дәлелі денеден сарысу болып тесіп шығуы. Бой тазарып,жеңілденген соң, еңсені басқан ауыр ойлар кері шегініп, ми сана тазарады. Аян түске жалғанып,өз рухани хал-ахуалынан хабар ала алады.

Тілектес Башақызы, Қазан, 2018жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *