Алладан келген бұйрығы орындалмай қалмайды.


Алладан келген бұйрығы,

Орындалмай қалмайды.

Қол бастаушы болмаса,

Жол сілтеуші болмайды.

Таңдауын Алла қаласа,

Аруақтар қарап тұрмайды.

Қамыста бұққан жасырын,

Жатқан Сұңқар–Аққуың,

Мойындамас қиянатын қалмайды.

Сүртуге елдің көз жасын,

Қайта тіктеп қанатын,

Ілесер көшке ұрандап,

Қайран уақыт сын басым,

Арамға былғап қу басын.

Етегі жеңі шолақтар,

Білер қайта тұрмасын!

Жалғанға беріп намысты,

Шығарып бата жарысты.

Үнінен құран ажырап,

Қырсықпенен алысты!

Қанаты жерде қарысып,

Жетпеске тілек қауышты.

Опасыз пенде құл болмас,

Еліне бекем құт болмас.

Ертеңгі күннен хабарсыз,

Жатқанның есі тік болмас.

Ірге тасы бекісе,

Ата жолы нұрланып,

Зікірмен шындық келтірсе,

Жарты жамбас қисайып,

Сүлік салып сүйрете,

Тілден бұлақ ағызар.

Кесім сөзде кесір жоқ!

Көрегенде кепіл жоқ,

Тулақты жарсаң қан шықпас,

Жабылып жаман нар жықпас,

Бергісіз мыңға ер туса,

Қаралы күнде бас бұқпас!

Сөйле, Аққу- Сұңқарлар,

Ақиқатпен ұран сап!

Бәлені желмен қудалар.

Ойран салған əлегі,

Тепкілеп түңдік, төбені,

Шаршатты əбден халықты,

Ұрпағы ібіліс «көсемі».

Ой жорытып сынаптай,

Əз халқыңды шулатпай,

Қара күшті тулатпай,

Көбейте біл ақ қуатты-ай!

Үн тастаған сеніммен

Əруағыңды жылатпай,

Суарсаң тегіңді құрғатпай.

Жасық мінез ерде жоқ,

Батыл мінез езде жоқ!

Ар-намысты ойламас,

Сайраған пенде елде көп.

Тер шықпаған маңдайға,

Жазылар бақ жерде жоқ!

20.10.2019ж.Райымкүл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *