Ата жолымен рухани жаңғыру (3)
«…Жаңғырған қоғамның тарихы тереңнен бастау алатын рухани коды болады. Жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу» Н.Назарбаев.
Алайда ол ұлттық код халықтың ділін сақтаумен сақталады, ал ділді үш тілді қылумен не болмаса латынға ауыстырумен сақтау мүмкін емес, керсінше жою ғана. Ол турасында алдыңғы жазбаларда тоқталғанбыз.
«…Халқымыз хасырлар бойы туған жер табиғатын көздің қарашығындай сақтап келді. Өткен ғасыр ортасында млн-даған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Соның кесірінен даланың барлық құнары құрдымға кетті. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» бұл да Елбасы сөзінен алынды.
Бұған қарсы уәжіміз: жердің құнарының кетуін бір кездегі тың игеруден көрудің қажеті шамалы. Жердің құнары ондағы мекен етуші халықтың табаны жерден ажырап, қуат қоса алмауынан, Жер-анамен ана-бала секілді байланысы үзілген соң кетеді. Өйткені, халық жаппай жалаңаш, жалаңаяқ жүріп, тері мен ет арасы құрттап, сасық иістері баурап жерді, суды, ауаны былғап табиғи апатқа әкелді.
Қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді тірілту де сол халықтың ар сауытын қалпына келтірумен, тазарып, ақталумен байланысты. Ол үшін алдымен қарапайым амалы әйел-еркектің бастарын жауып, тәнін қымтап киінуі басты шарт. Алайда ата-дәстүрі мен ата діні қағидаларына заңмен тыйым салған елде ол қасиеттерді тірілту мүмкін бе? Қайта халықтың жаны жоғалып, бой өрісі жойылып құрдымға кетіп барады. Ар сауыты, бой өрісі жойылған елде жете, сана қалай пайда болмақ?
Рухани жаңғыру бойынша тағы берілген бір бағыт «Қазақстанның киелі географиясы» деп аталады. Осыған орай киелі нысандарға турлар ұйымдастырылып, жалаңаш, жалаңбас әйел-еркектердің түсірім жасап музейлерді көрсетуімен шектелді. «Далада әр қирап жатқан бейітті әулие қылып жүрмеңдер» деген елбасы сөзінен соң, ол да сонымен аяқталғандай.
Бірақ біз елбасына «дат» айтып, далада белгісіз жатып, белгісін беріп тосып тұрған хан бабаларымыздың, батыр бабаларымыздың басын көтеруге пұрсат сұраймыз!
Құрметті, Н. Әбішұлы!
Біздің шағын топқа белгілі болып отырғандай, алғашқы қадам да жасалып табылып, белгі қойылған Қаракерей Қабанбай баба басын көтеруге, Абылайхан баба басын белгілеп көтеруге, одан әрі тізбектеле жалғасатын Керей хан, Әз Жәнібек хан, Кенесары хан, Алаша хан баба, Қазақ, Созақ бабаларымыз бен Шыңығыс хан бабамыздың бастарын көтеруге қатысты шараларға бей-жай қарамай, сол хан бабалардың ізін жалғастырушы тұлға ретінде сіздің де ат салыса, қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!
Бұл бабалардың бәрін де өзіндік белгілерімен дәлелдеп көрсетуге сөз береміз.
Құрметпен: бір топ Ата жолдықтар
1.08.2019 жыл.