Тылсымнан хабар. 17.06.2019ж.
Ақшам зікірі
18 мың ғаламды жаратушы бір Алла, қаһарланса тарының қауызына сыйғызар бүтін ғаламды. Бүтін әлем, тау-тас, теңіз-мұхиттар да теңселісте. Адамзатқа олар да қарайлайды. Екі аяқтының күнәсінен су түбіндегі тілсіз балық шошынады. Неге Алла жазасын жібермейді деген сауал бар кей пенде көкіректерінде. Рақым иесі Алла, Алла жолында үн қосқан жер бетінде бір пендесі тұрғанда от апатын жіберуші емес. Күтеді. Болмаса, шыбын жаныңды шырқыратып, уысыңа ұстата салу Раббыңа түк емес. Қу сүйектерді қуартып, оған қайта ет пен тері бітіріп, оны қайта қуартатын күннен сақтаныңдар. Жекелеген қауымдарға әртүрлі ескертулер жіберудеміз.
Жақсылықтың дәнегін көбейтуге ниеттілер тұрғанда, бұл әлемді сақтап қалуға күллі әулие-әмбиелер үн қосты. Бүтін пайғамбарлар қазақ даласына аса таяқтарын тікті. Ол таяқтар қуатты сәулелермен жалғанды.
Құдай жолына күреске шыққан шағын топ- сен бақытты қауымсың. Алла назарына жеті ұрпағың мен ата-бабаң ілікті. Ұрпақтарыңа мол несібе тағайындалса, арғы бетте ата бабаң тозақтан шығарылып, қуанысып той жасады. Үстеріне шапан, бастарына тақия, бөрік кигізілді. Жалаңбас кеткендері жүздері бал-бұл жанып қуанды.
Сендердің арқаларың мықталды, қорықпай күресуге, пайғамбар батасымен. Сендер уәделеріңе берік болсаңдар, Раббыларың да уәдесінен танушы емес.
Тілектес Башақызы.
****
Сүйінбай атаның барша қауымға арнап, жүректен шығар сөз салып, жетектеп өтер асулардан сүріндірмеуге сендердің уəделеріңнің беріктігіне сеніп, алдарыңдағы болатын кедіргіні аянымен тазалауда. Дүниеге келер ұрпақ аттары Əділет, Айкүміс қойылсын деп қолдау салып, дүние есігін ашар ұрпаққа домбырасын ұстата, сөз сарасын саралап салар. Ұзатылу тойлар көп болар. Айша Бибі ананың басына тақуалықпен зираттап қайтқан жас жұбайлардың некесін нықтап өтуде. Әлі де талай аруақ құран қатыммен садақа беріп, киімді дұрыстаумен бас көтерер. Ата жолына Ақ байрағы желбіреген Ақ тұлпар байладым деп Қарасай мен Ағынтай бабалар қуантуда.
Балия
****
Əрбір пенде сынағы,
Күнəсімен жалғанар.
Қорқып, сілкіп, шошынып,
Қарайған бойға жабысар.
Үштағанда үш күнде арпалыс басталар.
Іркіліп шықпай жүректен,
Қорқақтап бүгін жүргенде.
Барыңды айтып ойсырап,
Құлазиды көңілде.
Соры ма, əлде бағы ма,
Халыққа енер нұры бар.
Жапырағы жайқалар,
Су алар, тағы желі бар.
Тынбай еңбек еткенге,
Құдайдың берері болар.
Тəпсірімен, тақуалық негізіне жетерсің.
Шындық деп шырылдасаң,
Шырмалып кейде қаласың.
Тілге тиек, жүректе иман,
Сабырлылық сұрарсың.
Опырайып орны толмас қазына төңкеріспен келер бейбіт заман, Мəшһүр Жүсіп армандаған заман.
Анар
****
Қожа Ахмет Яссауи ата белгісін беріп, ақ батасын салды топка. қолдауға алдым. 17 саны.
Түктібай ата Қобызының үнімен аластап кетті, әрбірімізге ем шипа дарытып, бойдағы қара күшті сыпырып алды, ей ұрпақтарым Аблайхан атаға ақтық жол төседім, 7 пендеме белгімді салам. Қоңыр аулие ата боп ақ батамды, бақ батамды дарытам, басыма шақырам. Әрбір пендемді сумен тазартып, алатын ақпаратқа қолдау салам нықтап терең алуға. Абай, Шәкарім, Күшікбай аталар, Әулие қыз ана батасын дарытып жатыр
Баянсұлу
****
Жүрекке салған əрбір сөз, аманат болып, ескерту салды жолдарыңа.
Жердің топырағы дүмпулермен көтеріліп жатыр. Күннің тұтылуы қолайсыздық əкелуде. Күннің шамадан тыс қызуы жүректерге салмақ салуда. 2-3-күнде жаңалық болар. Күтпеген жерден сый болар. Көпірден келер сынақ бар. Жол айрығы бар. Сөздің шыңдалуы мен қасиеттің нықталуы бар. Жеңілдік түсіп, құран, зікір арқылы қасиет көздері ашылуда. Сенімділік бар бойларында. Кеселдің беті бері қарап, оңдылық түсер пенделерге. Көз бояушылық пен таза ниеттілік анықталар. Əрбір алынған ақпарат, жауабын берер жолдарыңда. Шикілікпен келген «Ата жолы» нықталып, тілектер қабыл болар! Іріктеліп бір ағынға түсер, ширақтық керек бұл жолда, уақыт тапшы! Қыршын кеткен аруақтар жетелер. Кезек күттіртпейтін жұмыстар тұр жолдарыңда. Айрықша белгімен түскен күн сəулесінен алар қуаттарың бар. Шекерадан асқан қандастарға жеңілдік түсер. Қыдырымпаздардың жолы қысқарар. Арамдықпен келген нəрсе бойларына дарымас. Жол-жобадан ісі кері кеткен парламент, тығырықтан шығар жол іздер. Жылы орындары суықтыққа айналар, берекесі қашар. Халық тілеуі қабыл болып, патша ауысар. Ғұламалар, ғалымдар сырттан бақылаумен болар. Ата жолының жасап жатқан амалдарымен жеңілдік түсер елімізге. Ойсылқара, Зеңгібаба қолдауы бар. Əрбір пенде баласы ақталу керек, тағдырға келер жеңілдік.
Майра
****
Ордалардың қасіреті — жансыздық. Үнің жынның араласы жалаңбастық, арсыздық, немқұрайлы жеңіл қарауынан. Болмашыға болысу жағымпаздық, тайғақшылар, қараусыз.
Қара қуаттың жетегінде, көздің қабақтары да сүйек сүйегінен зікірмен тазаланар.
Таң намазы, 18.07.2019ж.
Су ана, жер ана, от ана әлемді қадірге тұтқызар, жерді шарлаған Шыңғыс xан мен Асан қайғы ата Отырар кітапxанасын күзетуде, әлемді тізеге тұрғызған Шыңғыс xан баба қолдап бар елге қазаққа бас игізер, қазақтың күші ата салты мен әдеп ғұрыпында, бас өте жұқа оны жауып, қорғасаң көктен демеп тұрады. Қаныш ата зерттеген минерал байлық берекесі ата жолымен келер.
Ардақ.Н.
****
Көркейер қазақ даласы. Жер жүзінде әулие әмбиелер көтеріліп жатқанда. Имандылыққа бет бұрып, еселеніп алға тартқанда. Жеті атаға жалғанып, тылсымнан хабар алғанда. Жеті өріс кеңейіп, жан жақтарын тура жолға салғанда. Санаға сана қосылып, білімділер артқанда. Жамбыл ата жырымен, Сүйінбай атаңда тіл, шешендігін салғанда. Тақуалық ұстанып, ел халықты тура жолға салғанда. Мәңгүрттіктен арылып, Күш қуаты артқанда. Бет жүздері әрдайым, нұрланып бір жатқанда. Аманатқа қиянат салмай ұрпақ бүгінде, тылсымнан келген ақпарат, таратып бір жатқанда. Сауапты іс қылғанда.Сауабы Алладан.
Жадыра
****
Көгілдір қызтекелерге іштен шыққан ірің, жара болып тамырланып, елге жайылып жас өспірімдерге жұқтырмай ұстау қиындық болатын қаупі бар. Тамыры оның тереңде жатыр. Ата салтын ұстанбаудан еліктеп шет еліне, жемісі шықты бүгінде.
Жалғыз басты әйел заты адасумен, арбалумен ібілістің, қиналыста. Ата салтына қарсы шықпай, Құдай әміріне, неке қиып, ұлтын сақтап, тәртібін ұстап, жан көбейту керек. Бастырылған халық еңсесін көтере алмай Алла берген бағын, ырысымен беркесін, бір-бірмен араздасып, кінәлап күнәға батып арбауымен ібілістің, қаралықтың жетегінде.
Таласқа түсті үн қатқан аруақ аянымен, батамен жетекке алды ұрпағын.
Таразы! Рухани дауыл алдында тұрмыз!
Раушан .