Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Қазақ еліне келген індеттің шипасы Ата жолымен


Әлемге келген індеттің басы Қытайдан қолдан жасалып басталғанмен оның Алла тағаланың әлемге сынақ түрінде түсіргенін де білген жөн. Енді әрбір ұлттың бұл індетке рухани тұрғыда қарсылықпен шипасын табу да ділі мен дініне адамгершілік ұстанымдарына байланысты болуы да хақ. Бұл індеттің негізі Құранда; «Хақиқат келді бұзықтықтар жойылады» «Бұзықтардың мұрнына дақ саламын» деген ашық уәдесінен пайда болғаны да сөзсіз. Бұл індеттен қазақ билігі әлемнің қара нәсілдік елдердің соңына еріп қазақ ұлтының бұған қарсы тұру имундік қабілетін шектеу үйге қамау арқылы білмесітіктен қастандық жасалды. Енді бұл індеттің әрі қарай даму кезеңі басталады бірақ ел билігіміз өздірінің қара нәсілді әлемнің тәжрибесіне сүйенуін әлі тоқтар емес. Енді Құдай тағаладан ашықтан ашық ел билеушілердің өзіне сынақ түсіп, ең маңызды қорғалған онан артық қорғаны да жоқ Елбасы Н. Назарбаев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және көптеген әкім-қаралардың да тымауға ұшырағаны белгілі болды.

Ал қазақ елінде бұл індеттен ауырмайтын адамдар бар екеніні де тексеру барысында мәлім болғанмен оған мән беріп зерттеуге әрине ел биліктің ғалымдардың ақылы жетпейді. Ол мүмкін де емес. Бұл аурудың қарсылық имундік қуатты да шипасы да Ата жолында барын онан мыңдаған адамдардың өтіп қазір еш қорқынышсыз тіршілік етіп жатқанын да білген жөн.

Сонымен бірге бұл тәжді тымаудың 8 түрі барын алдын ала ескертіп халыққа жариялағанмен, арты қалай болатын ескерткенімізбен оған селт еткен билік те, мән берген халықтың білімді қауымы да болған жоқ. Керсінше Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментімен ата жолының білімін біздің жолтауларымызды сырттай сараптап, теолог, яғни Әл-Фараби, Шәкәрім танушы психолог –жан емшілері дегендер арқылы дини алауыздық, яғни екі дінің арасына сына қағып халықтың алты ақылын аздыруға қызмет жасаушылар деп Ата жолының жұмысын шектеумен қудалау, тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Толық оқу…


ҚҰДАЙСЫЗ ҚУРАЙ СЫНБАЙДЫ…


Ата жолының ақпараттық жүйесінде жазылып, түрлі пікірлерді саралайтын болсақ, бүгінде халықтың ояна бастағанына көз жеткізу қиын емес. Халықтың сұрағы да, ақпаратқа сұранысы да артуда. Бұрынғы «21 ғасыр, ғылым мен технология дамыған заманда…» деп көлгірситіндердің аузына бүгінде құм құйылған, Алланың алдында өте дәрменсіз екенін бүгін ғана сезгендей болып, өзіміздің бауырлар ғана емес, бүкіл әлем мойындауда…

Осыны ескеріп біздер барынша түсіндіріп көрелік.

Ата жолы. Көпшілікке таныс ұғым,түсінік.

Біздер, Ата жолдықтар осыдан бірнеше жылдар бұрын СЕКТАға таңып, түрлі бұрмаланған ақпараттар таратып, Заң шығарылып қудаланған Ата жолына бірнеше жылдардан бері тылсым төрінен келген ақпараттарды (бата, зікір-аяндар, аяндар) зерделеу негізінде зерттеулер жүргізіп келеміз. Бүгінгі билік Құдаймен ерегісіп береке таппайтынын түсініп, біліп отырса да, шығарған Заңдарының күшін жойып, халықты руханиятқа бет бұрғызуға белсене кірісе алмай отыр. Сол кезеңдерде қудалауға атсалысқандар бүгінде Алланың алдында сұраулы болуда, яғни Аруақтармен таңбаланған. Ол күнәларынан ақталып өтпесе ұрпақтарына салмақ болары біздерге аян… Алла шексіз мейірімді, әлі де кеш емес…

Көпке топырақ шашпаймыз. Билікте жүріп Аруақтан бата алып, ОРДА ұстап отырғандар жетерлік. Қала берді МӨР алып олардың арасында Алланның жолында аманат арқалаған ұл мен қыздар да баршылық. Білдіргісі келмейді, бірақ аманат сұрағы да ауыр…

Толық оқу…


КОРОНАВИРУС ЖӘНЕ ШИПАСЫ АТА ЖОЛЫМЕН


Алланың елшісі; «Қандай да бір мұқтаждықтарыңды Алла тағаладан сұраңдар, бәтеңке бауларыңды да болса да» деген екен. Енді әлемде Қытай қоздырғышы таралып, онан түрлі қорқынышпен дағдарыстар басталғанда, мұнан шығу жолын аурудың себебін, шипасын неге жаратушыдан сұрап білмеске? Енді Ата жолындағы маңдай көз және табан арқылы жерге жалғанумен шындықтан хабар келтіру арқылы; Короновирусқа қатысты зікірде келген және Құраннан түскен ақпараттарды жариялап көрсек:

Жалпы қандайда бір жамандықтың да білімі болатын ескерсек, бұл қоздырғыштың негізі қазақта албастылықпен байланысты екені ежелден белгілі болғанды. 2004 жылдары Нигерияның Кейптун қаласында осындай албасты ұрықтары (мафлок деген атаумен) ошаған өсімдігінің дәні сияқты болып кеңістікте қозғалыста болып оның перілік тұрғыда басқарылып тұратын дәлелдегенді. Олар қарапайым адамдарға енбейді, ол тек қана білімді ел басқарушы саясаткер, бизнесмендерге енетін, өрісіне жабысып алып, ішке еніп, оларды сыртқы ақпараттық кеңсітікке ібілістің басқару жүйесіне жалғап тұратын жариялағанды.

Және оларда адамзатты осылай басқара алуға болатынын мақтаныш қылған еді ғалымдары. Сонымен, осы білімнің негізінде Қытай ғалымдарының мұның 8 түрін шығырып, әлемді басқаруға белгілі бір құрылғылардың жилігімен өздерінің әлемге үстемдік жүргізумен, бұл қоздырғыштар құпия түрде дайындалғаны және оған ашық дәлел олардың бұл қоздырғыштың таралуын да басқаруға дайын құрылығылар мен басқа да жағдайларын алдын ала қарастырғаны да мәлім болғаны сөзсіз. Жас балаларға жұқпауының өзінде балалардың жүрек соғысы бой өрісі тақуалар дәржесіне ұқсастығы бар. Шәкәрім атамыз; «бір рәуішті болады жас пен кәрі» дегенмен, ол қазіргі заман үлкендеріне байланысты емес.

Ал бұл деректер, біздердің ой жоруымыз емес, тылсымнан келген хабарлармен де расталғаны хақ. Енді бұл аурудың негізгі белгісі, яғни «симптомдары», ауру белгілері, барлық адамда бірдей, бірақ әсері әр түрлі болмақ. Ауру арқылы ібілістің адамдарды іштен іріту, рухани құлдырату негізгі мақсаты. «Бұл қоздырғышты неге Құдай тиым салмады» дегендер болса, жамандықты Құдайдың жаратпайтынын оны ібілістің әскерерлері, жамағаты дайындап, бірақ ол сол деңгейдегі азғындаған пенделерге Құдайдың түсірген сынағы ұлықсатынан болатын білген де жөн.

Толық оқу…


Жетімді жылатпағын…


27.10.2019ж. Таңғы зікір.

Ақ ұлдан мөр алған жыл еді,

Хикметке толы кез еді.

Алланың нұрына бөленгенді,

Батамыз сол кезде нық еді.

Бір мысал үйге кірсем,

Күтіп бір қыз отыр екен.

Толық оқу…


Зікірден кейінгі аян-ақпараттар. 21-10-2019ж.


✍️Баспен аяқты тең жылы ұстау бойдағы суықтықпен қаралықтан тазартады. Жүрекке қуат жетеді.

Күміс білезік туйілген тамырларды жазады. Күміс сырға тағылар болса қан басымына оң əсерін береді жіңішкерген мидағы тамырларға қуат беріп дем туседі ойлау қабілеті реттеледі.

Əрқазақтың отбасында ата-бабадан мирас қастерлеп сақтайтын киелі бұйымдар:

Қамшы

Домбыра

Қобыз

Қанжар

Самаурын

Келі

Күбі

Толық оқу…


Алладан келген бұйрығы орындалмай қалмайды.


Алладан келген бұйрығы,

Орындалмай қалмайды.

Қол бастаушы болмаса,

Жол сілтеуші болмайды.

Таңдауын Алла қаласа,

Аруақтар қарап тұрмайды.

Қамыста бұққан жасырын,

Жатқан Сұңқар–Аққуың,

Мойындамас қиянатын қалмайды.

Толық оқу…


Қиямет сыны-зікірден хабарлар. 15-17.07.2019ж.


15.07.2019 жыл. Қыспаққа түсіп адасқан халық безірейді, арты рухани төңкереске соқтырады. Аруақтар сапқа тұрды, ел билігінің шығарған заңдары халық наразылығын туғызып, ел басы пендешілікке салынып, өзін хан тағайындағысы келеді.

Ауыз су тапшылығы болады. Күн қаты ысиды. Елден береке кетеді. Дертіне шипа таба алмай халық дағдарысқа түседі. Ел билік ауыл аймаққа көңіл бөліп, бірақ бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. Иманы әлсірген халықтан қайырымы жоқ, бергенің берекеті жоғалады. Ел биліктің шығарған үкімдерінде қайырым болмайды.

Бөлінген ақша қаражаттар құмға сіңген судай қайтарымы да болмайды. Халық ұйқысынан мастықтан ояна алмай, тәубеге келмей, арасына шыққан біліктісінің ісі оңға баспайды. Құдайсыз қурай сынбайды, деген қазақ даналығы осылай көрнісін табады.

Толық оқу…


Тылсымнан хабар. 17.06.2019ж.


Ақшам зікірі

18 мың ғаламды жаратушы бір Алла, қаһарланса тарының қауызына сыйғызар бүтін ғаламды. Бүтін әлем, тау-тас, теңіз-мұхиттар да теңселісте. Адамзатқа олар да қарайлайды. Екі аяқтының күнәсінен су түбіндегі тілсіз балық шошынады. Неге Алла жазасын жібермейді деген сауал бар кей пенде көкіректерінде. Рақым иесі Алла, Алла жолында үн қосқан жер бетінде бір пендесі тұрғанда от апатын жіберуші емес. Күтеді. Болмаса, шыбын жаныңды шырқыратып, уысыңа ұстата салу Раббыңа түк емес. Қу сүйектерді қуартып, оған қайта ет пен тері бітіріп, оны қайта қуартатын күннен сақтаныңдар. Жекелеген қауымдарға әртүрлі ескертулер жіберудеміз.

Жақсылықтың дәнегін көбейтуге ниеттілер тұрғанда, бұл әлемді сақтап қалуға күллі әулие-әмбиелер үн қосты. Бүтін пайғамбарлар қазақ даласына аса таяқтарын тікті. Ол таяқтар қуатты сәулелермен жалғанды.

Толық оқу…


Зікірден хабар. 11 шілде, таң намазы.


Сапқа тұрды аруақтар. Ұрпағы үшін тылсымнан әулие-аналар Аллаға дұға жасауда.
Жарқ-жұрқ еткен қылыштардан от шығады. Темір дулыға, сауыт киген, арқыраған асау ат мінген батыр аталар қара күштермен соғысып жатыр.

Қорқыт ата қолдайды. Зарлаған қобыз үнінен құлақ тұнады. Қорқыт ата қобызымен тылсымнан туған жерімізді аластауда. Қобыз үні арқылы да құдайшылыққа бет бұратындар көбейеді. Бұл үнді кейбір адамдар ести алады.

Құмырсқадай қаптаған қытайдан қорықпаңдар.

Айгүл. Т.