Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Ежелден адамдар әйелдің қаруы шаш екенін жақсы білген


Ежелден адамдар әйелдің қаруы шаш екенін жақсы білген. Ертедегі Славяндар шаш арқылы Жер-ана мен Күн-әке әсер ететінін дәріптеген. Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.

Ұзын бұрым – көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.

Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Толық оқу…


Ата жолы қазаққа не береді?


Осы күнгі адамдарға, қоғамға қарап отырсақ жоқ іздеген жолаушы тәрізді. Әйтеуір, бірдеңе іздеген пенделер. Өмірден бақыт тапқысы, Алла Тағала берген нығметтің бәрін иеленгісі келеді. Бұл жолда батыстың білімімен қаруланған психологтардың наны жүріп тұр. Рухы аш халық нені де сіміріп алуға дайын. Біреу өмірден мән іздейді, біреу бақыт, енді бірі байлық, бір пенделер берекесі кеткен отбасын сақтап, араққа салынған күйеуін қалай құтқарсам деп жанталасып жатыр. Сан түрлі сұрақтың жауабын іздеген әйелдер әлеуметтік желі арқылы топ құрып білгенін ортаға салып талқылап жатқаны. Иә, әйелдер. Көбіне рухани кемістікті қалай толтырам деп ізденіп жүрген сол әйел қауымы. Сол жоқ іздеген жолаушының бірі мен болдым. Осындай топтарға қосылып біреуден кеңес алдым, біреуге кеңес бердім. Осылай, тырмысып,ізденіп жүріп бір күні Ата жолы тобына қосылдым.

Міне, осы жерден қазынаға жолықтым, бар керегімді таптым. Өмірімде орын алған олқылықтардың орны толды, мазалаған сансыз сұрақтың жауабын күн сайын ұстазымыз Тоқберген ағаның видеосынан тыңдап жатырмын. Нағыз ілім-білімнің қайнар бұлағына тап болдым. Ұстаз бен Айболат ағаның сұхбатынан күнде бір жаңалық ашамын.

Сонымен Ата жолы халыққа не береді деген сұраққа жауап бере кетсем.

Ата жолы қазағым, елім, халқым деген нағыз еңіреген ерлер бас қосқан әлеуметтік топ. Ата жолының мақсаты — Қазақ деген ұлы халықтың ұмытылып кеткен тілін, ділін, дәстүрін, ата дінін жаңғыртып, заманға енгізу. Сол арқылы жаһанданудың аждаһасынан жойылып кетудің сәл ақ алдында тұрған халықты сақтау.

Толық оқу…


ҚАЛЫБЫҢА ҚАЙТ! «Ата жолы» халыққа не береді?!


Батиха дәрігердің үкімін естігенде есеңгіреп қалды. Ота, ота! Бұл қашанға дейін жалғаса береді!? Ау, күні кеше ғана өлімнің есігін қағып келді емес пе?

Әні-әне, сондықтан бұл ісік өспей тұрып алып тастау керек!

Япырмай, Батиханың басына қасіреттің қара бұлты үйіріліп, қиямет қайым төнгеніне біраз болды. Бұдан шығатын жол бар ма өзі.

-Сүрт көзіңді сораңды ағызбай! -деген өктем үннен есін жиса, бода-бода еңіреп келеді екен.

Қасына отырғызған осы бір бейтаныс кейуана ең жанашыр жан сияқтанып көрінді.

-Апа-ау, балаларым жас, енді қайттім?…

-Жап басыңды, албасты ұқсамай!

Бұл үнсіз қол сөмкесі нен тастамайтын орамалын алып шашын милықтата байлады.

Толық оқу…


Әйел заттарына мойынды жабық ұстаудың маңыздылығы


Ми жұмысы мойынмен шектеліп, мойын орталығы тазартушы болып, жүрек пен мидан келетін хабарлар ұжданда кездесіп, таразылынады. Мойын қорғалмаған жағдайда ұжданмен таразылау әлсіреп, теріс ойларға басымдық болып, шайтанның азғыруы қатар жүрмек. Әйелдің шашын қиып, шашын жайып, сәндеп қоюды жаулықпен жабудан артық көріп, жаулыққа деген қарсылықпен «орамал жараспайды», «орамал таға алмаймын», «кемпір сияқты көрінемін» т.б. сияқты шайтандық сезім мен ойға бой алдырумен азғындыққа қалай түскенін өзі де аңғара бермейді.

Бұл жағдай баста сары судың пайда болуымен байланысты әйелде рухани азғындық пайда болып: тәнін еркек көзімен сұқтандыру үшін ашық ұстауға құштарлық пайда болумен әйел-қыздарымыз рухани жезөкшеге айналып, қаны, ділі азып жатыр. Мойынды ашық ұстаудан ұждандылық та әйел затында толық қалыптаса алмай, басты жалаңбас ұстау да, тәнді ашық-шашық ұстау да ерсі көрінбей, қалыпты жағдай ретінде қабылдау пайда болады. Бұдан әйелде бас сақинасы пайда болып, сәл нәрсеге ашуланып, жынданып, нәпсілік азғырылуға да бейімділік болады. Негізінен жаулығы бар әйелдердің басы, сау белдеу періштелік қуат болып, сақина болып, оны 4-ші саусаққа неке жүзігімен белгілеген.

Толық оқу…


Әйелдің сұқтан қорғалуға тиіс иман ошақтары


✅Қысқа киіп, балтырын, бақайын көрсетіп жүретін, шашын жайып, жаулықсыз жүретін әйел заттары жерден ажырайды. Әйел заты қуатты жерден, Жер анадан алады. Қажетті қуат алудан қағылған соң, әйел ағзасы тез тозып, табанға тұз жиналып уақытынан ерте ауруға ұшырайды, аяқ бастырмайды. Қан тамырлары тартылады, варикоз пайда болады. Жалаңяқ жүріп, барлық ласты бойына жинайды. Көшеден, ішімдік ішіліп жатқан той томалақтардан жалаңаш әйел шашымен, аяғымен бар харамды бойына жинап алып, оны өз шаңырағына алып келіп төгеді. Содан шаңырағының берекесін қашырады. Арамдайды.

Жаулықсыз әйелдің жаны өлі. Арсыз. Шайтан. Құдайдың қарғыс-лағнетіне ұшыраған тозақтық болып есептелінеді. Бұндайлар өз-өзін іштей жұбатса да, кейбіреуіне дүние қызықшылығы берілсе де өмірінде мәні жоқтығын, бақытсыздығын сезінумен өтеді, сәйкесінше, одан туған ұл-қыз да қағынан жеріген бақытсыз болып, түрлі қиыншылық, ауыртпалықтан көз ашпаумен өмірі өтпек. Мұндайлар жойылып, құруға бұйырылғандар санатынан.

Толық оқу…


Киім зейнеті


«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек»; «Бөрік-адамға көрік»; «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның»; «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас»; «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады»; «Орамал тон болмайды жол болады»; «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар»; «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды.»; «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық.»; «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңа қарап шығарып салар».

Бұл аталарымыздың аманатынан киім хақысы жайында аз ғана белгі болса; «Үмму Халладтың орамал тағып алғанын көрген бір кісі таң қалып: «Халлад өлді ғой! Сен әлі де (шашыңды жаймай) орамалмен жүрсің бе?»-деп сұрады.

Сонда Халладтың жесірі: «Халладтан айырылғанмен ұятымнан айрылған жоқпын ғой!»,- депті. Бұл сөзді естіген пайғамбарымыз: «Халад үшін екі шейіттің сауабындай сауап бар» деді.

Толық оқу…


Ас қалай арамданады?


Бұл тек дінде тыйым салынған (шошқа еті колбаса, майы, өлексе еті, бісмілләсіз сойылған мал еті) ғана емес, астың арамдануы бір сәтте. Егер ас дайындаушы әйелдің басы, білегі, мойны ашық болып, бойында бой дәреті, білегінде күміс білезігі болмаса — ас арамданады. Аталмыш шарттардың бірі орындалмай дайындалған асты тақуалық деңгейі жоғары адам жесе, бірден уланып ауырар еді. Біз неге сезбейміз? Өйткені, өз деңгейіміз оны сездіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ бұл әсер етпейді деген сөз емес. ____

✔Арам ас жанды өлтіреді.

✔Бүкіл сезгіштік тақуалық қасиеттен жұрдай қылады «Ауру астан» деп осындайды айтып кеткен ата-бабамыз. Көптеген аурудың пайда болу себебі жатыр мұнда.

Толық оқу…